СҚО-да көктемде төселген асфальт әр жерден жарылып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да көктемде төселген асфальт әр жерден жарылып кеткен

07.11.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында мамыр айында ғана төселген асфальт жарылып, жолдың үсті қырық жамауға айналды. Дәуқара ауылының тұрғындары оның сапасына көңілі толмайтынын айтып, шағымданды. «Саумалкөл – Светлое» бағытындағы 70 шақырым жол 3 жылдан бері жөнделіп жатыр. Жоба құны 3 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталуы тиіс. Асфальттың бұзылып жатқанына игілігін көріп үлгермеген жергілікті тұрғындар алаңдаулы.

Жақсылық Қажекеев, ауыл тұрғыны:

Мынау ара міне жарық, жарылып жатыр. Оны жамап-жамап кетіп жатыр. Кейбір жері оңды. Дәуқарадан районға дейін 2-2,5 сағат жүретінбіз. Енді қазір осы мынау асфальт басталғалы оңды еді. Енді ертең бұрынғы кепті қайыра киеміз.

Хамит Қазбеков, ауыл тұрғыны:

Проблемный жерлерге труба салу керек. Мынау көктемде су жүріп кеткенде асфальттың үстінен өтіп кетеді. Жолды жуып кетеді ылғи. Жылдағы мәселеміз осы. Соңғы рет 89-шы жылы ремонт жүргізілген. Ана жақтан асфальт әкеліп жатыр, шебень әкеліп жатыр. Сонымен анау бұрынғы ескі асфальттың өзін езіп жіберген.

Салдарынан Қарақамыс пен Дәуқара ауылын жалғайтын асфальт осындай күйге түскен. Тұрғындар айналма жолмен қатынауға мәжбүр. Биыл Айыртау ауданында 79 шақырым жолды жөндеуге 3,5 миллиард теңге бөлінген.

Ермек Исин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

Гарантиясы 3 жыл. Сондықтан ол үш жыл бойы қайтадан келіп сынып қалған жерді жөндеуден өзі қаражатпен қалтасынан шығады ғой. Сондықтан ол анау щебенканы төсеп жатыр, сосын үстіне фракционный щебенка, одан кейін цементпен нетеді де и асфальт төсейді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу