Өңірлерде қалыс қалып жатқан түйткілді мәселелер ескерусіз қалмайды. Сегіз өңірде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілдіктері ашылды. Жаңа бастама - аумақтардағы кез келген проблемаларға зерттеу жүргізіп, ауыл әлеуетін нығайтуға серпін бермек. Яғни, өңірлік бөлім мамандары халық арасында сауалнама жүргізіп, қарашаның базынасын құзырлы органдарға жеткізеді.
Осылайша, мәселенің шешу жолдарын қарастырмақ. Өкілдіктер әзірше Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Ақмола және Абай облыстарында ашылды. Қалған облыстарда бөлімшелер келесі жылы құрылады.
Алуа Жолдыбалина-ҚР Президенті жанындағы ҚЗСИ директорының орынбасары:
Жалпы аймақтағы проблемалар әртүрлі. Сарапшылардың деңгейі де әртүрлі. Сосын сарапшылардың дауысы, пікір көбісі оратылқ органдарға жете бермейді. Ол кісілердің аймақтағы бір мәселені шешуге көзқарасы бөлек. Сондықтан сол көзқарасты Президент әкімшілігіне, президентке жеткізудің амалы ретінде біз аймақтағы сарапшылардың әлеуетін пайдалнып отырмыз.
Динара Жарқынбек