Көлік дөңгелегін ауыстырмағандар 18 460 теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік дөңгелегін ауыстырмағандар 18 460 теңге айыппұл төлейді

07.11.2024

Көлік иелері жазғы дөңгелектерін қысқыға 1-ші желтоқсанға дейін ауыстыруы керек. Заң бойынша дөңгелекті 1-ші наурызға дейін пайдалану шарт. Егер талап орындалмаса, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 18 460 теңге айыппұл төлейді. Жүргізуші бірінші ескертуді орындамаған жағдайда оған 74 мың теңгедей айыппұл салынады.

Айта кетейік, келесі жылы айлық есептік көрсеткіш өседі, тиісінше айыппұл көлемі де ұлғаяды. Төтенше жағдай өкілдері мен полиция кей өңірГе қар түсуіне байланысты көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелекпен жүруге кеңес береді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу