Техникалық жұмыстарға байланысты қазақстандықтар 2 күн бойы қолма-қол ақшаға көшуі керек. Дәл осындай ақпарат Уатсап желісінде тез тарап, жұрттың үрейін ұшырды. Алайда, Ұлттық банк өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың айтуынша, техникалық жұмыстар жүргізіледі. Алайда бұл карта арқылы төлеу мен қаржылық қызметтерге әсер етпейді.
Темірлан Нұрсолтанов