Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы АҚШ-тың сайлау жүйесін зерттеп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бастаған қазақстандық топ алғаш рет АҚШ тарабының ресми шақыруымен бірқатар сайлау учаскелерін аралап көрді. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Америка штаттарында қолданатын кей технологиялар мен тәсілдер біздің жүйеден мүлдем бөлек. Мәселен федералды деңгейдегі комиссия сайлауды қаржыландырумен айналысса, науқанды өзге топ өткізеді. Сондай ақ АҚШ-та дауыс берудің электронды жүйесі кеңінен қолданылады. Бұл тәсілдің де тиімділігі тыңғылықты зерделенбек. Қазақстандық делегация АҚШ сайлау учаскелеріне ерікті жастардың да көптеп тартылатынын байқаған.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Әрине біз бірсыпыра дүниені назарымызға алып жатырмыз. Әлі де көреміз деп ойлаймын. Өйткені штаттан штатқа айырмашылықтары бар. Оқу жұмыстары да бұл жақта қолға алынған. Бізде де оқу жүйесі бар. Біз онымен шұғылданамыз. Сондықтан бұл жақтағы тәсілдерді біз ескереміз.
Жалғас Сәдібекұлы