Астанада 17 маусымда 3-ші дәстүрлі «ASTANA ART FEST» халықаралық фестивалі басталады. Шараға Ресей, Ұлыбритания, Жапония және Германия секілді 10 ел өкілдері қатысады. Қала тұрғындары жылдағыдай түрлі театрландырылған қойылымдар мен хореографиялық туындыларды тамашалай алады. Биылғы байқау «ЭКСПО» көрмесіне орайластырылған. Ол «Номад энергиясы» деп аталады. Сондай-ақ, конкурсқа биыл 168 суретші мен сәулетші өтініш жолдаған. Оның 70-і өз туындыларын ұсынатын болады. Қазір ашылу салтанатына қатысатын әртістер байқауға қызу дайындалып жатыр.