Тіршілік көзінен тарығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіршілік көзінен тарығып отыр

06.11.2024

Жамбыл облысы Меркі ауылында 4 ауыл әлі күнге ауыз суға жете алмай келеді. Құмарық, Қайыңдысай ауылы мен Шалдабар елді мекенінде тіршілік нәрі мүлде болмаған.

Ал Сыпатай батыр ауылы топырақ пен тас аралас лай су ішіп отыр. Өйткені ауыз су желісі 60 жыл бұрын салынғандықтан әбден тозған. Сорғы станциясының құбырлары да жарамсыз жағдайға жеткен. Сондықтан су тазартатын фильтрі екі күн сайын бітеліп қалады. Салдарынан 2 мыңға жуық тұрғын лас суды тұтынып отыр.

Гүлдана Сейітқұлова, ауыл тұрғыны:

Не арықпен су келмейді, не Үкіметтің калонкасымен су ақпайды. Ақса да түбіне шелекпен тұндырып аламыз. Шелекпен аламыз түбінің бәрі қоқым тас болып тұрады. Судың құбырын ауыстыру керек. Кеңес үкіметінен бері ауыз су да ешқандай жаңалау болмаған ауылда. Мектептерде жарық өшсе су да өшіп қалады.

Ал аудан әкімдігі су жинақтайтын станцияны жөндеп жалыққан. Сондықтан былтыр жобасын әзірлеп, республикалық бюджетке өтінім берген. Биыл 4 миллиард теңге бөлініп, 5 ауылға ауыз су кіргізу жұмысы басталады. Алайда алты ай бұрын тендерді ұтқан компаниялар бірін бірі сотқа бергендіктен жоба тоқтап қалған.

Ербол Акек, Меркі ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Соттың шешімі осы биылғы жылдың өзінде шыққан күннің өзінде де, жалпы жоба 2 жылға жоспарланған. Сол себепті бұл сот болуына байланысты ол тағы осы уақыттағы жүргізілмеген уақыттар есептеліп, соған қосылып жүргізілетін болады. Биыл енді мердігерін анықтасақ ақпан айының соңына қарай жұмыстар басталып кетеді.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу