Атырау облысында Ресеймен шекарадағы бекетте 15 шақырымдық көлік кептелісі пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында Ресеймен шекарадағы бекетте 15 шақырымдық көлік кептелісі пайда болды

05.11.2024

Атырау облысының Ресеймен шекарадағы Құрманғазы өткізу бекетінде 15 шақырымға дейін созылған кептеліс пайда болды. Шекарада бас аяғы 280 ауыр жүк көлігі жылжымай тұр. Себебі, «Атырау-Астрахань» автомагистралі жөндеуден кейін ашылып, Орталық Азия мен Ақтау портынан шыққандар осы жолмен ағыла бастады. Салдарынан Шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер Комитетінің тексеру бекеттері оларды рәсімдеп үлгермей жатыр.

Бұрын тәулігіне 180-200 ауыр жүк көлігі өтетін болса, қазір оның легі 2 есе артқан. Сондықтан, жұмысты жеделдету үшін бекетке қосымша мамандар жіберілді. Мәселені бір жола шешу үшін министрлікке ұсыныс жолданған.

Мейрамбек Шманов, кірістер департаментінің басқарма басшысы:

Өткізу пунктін кеңейту жөнінде хат жолданды. Шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, бұрыннан келе жатқан проблемалық жұмыс. Қазір ЖСҚ дайындалып жатыр. Сол біткен соң, келесі жылы бастаймыз деп отыр. Ол Көлік министрлігіне байланысты.


Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу