Орыс суретшісі Николай Рерихқа арналған Америкадағы жалғыз мұражай тұңғыш рет Астанада көрме өткізді. «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі музейінен алынған жауһарлар» көрмесіне атақты суретшінің 1920-40 жылдары жарыққа шыққан 37 жұмысы қойылған. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, БҰҰ-ның Қазақстандағы Миссиясының және Қазақстан мен АҚШ Елшіліктерінің ресми қолдауымен өткізілген шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Ғабит БӨКЕНБАЙ