Ливанның Бейрут қаласынан Астана мен Алматыға 41 қазақстандық аман-есен жеткізілді. Таяу Шығыстағы шиеленістің күрделенуіне байланысты Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды. Сыртқы Істер министрлігінің хабарлауынша, бұл операция қазанның 17-сі мен 31-і аралығында Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы жүргізілген.
Темірлан Нұрсолтан