Астанада белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды

07.06.2017

«Бес күн». Астанада осындай атаумен белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды. Шара «ЭКСПО» көрмесіне орай ұйымдастырылған.

Ерболат Төлепбай - еліміздің ең танымал заманауи суретшілерінің бірі. Оның шығармалары шет елдерде кеңінен тараған. Қылқалам шеберінің суреттері сұлулығымен ғана емес, философиялық ой-толғауларымен де ерекшелінеді. Бұл көрмеге 60-тан аса туынды қойылған. Олардың барлығы ана тақырыбында салынған. 

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу