Жетісу облысында эковолонтер саны 500-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында эковолонтер саны 500-ден асты

01.11.2024

Жетісу облысында эковолонтер саны 500-ден асты. Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1100-ге жуық сенбілікке қатысып, аймақты көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Экобелсенділер тек қоқыс жинап, тал егумен ғана емес, жастар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыруда үгіт насихат жұмыстарымен де айналысуда. Мәселен ерікті Ғазиз Аманжолұлы қоқыс жинап та табыс табуға болатынын дәлелдеп, қайырымдылық қорларына тұрақты түрде қаржы аударып келеді. Ол өзінің бастамасын студенттерге түсіндіріп, олардың да қоғамға пайдасын тигізе алатынын айтып, игі іс жасауға шақыруда.

Ғазиз Аманжолұлы, эковолонтер:

Ай сайын қоқыс сұрыптау компаниялары өздері келіп алып кетеді. Мысалы бір килограммы макулатураның 40 теңге тұрады. Жалпы есеппен алған кезде айына кемінде 3-4 мың теңге қоқыс сұрыптау арқасында пайдасын көрсе болады. Сол арқылы қайырымдылық қорларына түскен пайданы аударудамыз. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу