Түркістанда жаңадан салынған үйлердің сапасы сыр бере бастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жаңадан салынған үйлердің сапасы сыр бере бастаған

01.11.2024

Түркістан қаласында жаңадан салынған көпқабатты үйлердің сыртқы қабырғасы жарылып жатыр.

Тұрғындар жалдамалы пәтерлердің сапасы сын көтермейтінін айтады. Себебі ғимаратта ақау көп. Пәтерде пайда болған жарықтар күн өткен сайын көбейген. Мердігер компания қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсе де, жарықтар қайта пайда болуда. Ал қалалық әкімдіктегі мамандар келіп көріп кеткеннен басқа еш амал жасамауда.

Қалгүл Өсекова, Түркістан қаласының тұрғыны:

Жөндеу жұмыстарын 1-2 рет жасады. Одан кейін қайталап істеген жоқ.

Жалдамалы пәтерлерді жеңілдетілген жолмен әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған жандар алған. Жауаптылар болса Отырар мөлтек ауданындағы төрт көпқабатты үйлердің сапасына қатысты арыз шағым көп екенін айтады. Жуырда шешімі табылады, деп отыр.

Талғат Үсенбаев, Түркістан қалалық тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы:

2022-2023 жылдары ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу