Қазақстан жоғары білім саласына қатысты QS рейтингінде алдыңғы орындардың біріне шықты. Бұл – оқыту жүйесіндегі жетістіктердің арқасы. Жоғары білім беру мәселелеріне арналған жиынға қатысқан сарапшылар берген баға осындай. Саммитке Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия секілді 16 елдің 350 универсиетінен өкілдер қатысты. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанды ең ірі академиялық хаб ретінде қалыптастырудағы нақты қадамдарға тоқталды. Мәселен Президент тапсырмасына сәйкес әлемнің ең үздік әрі беделді жоғарғы орындарымен сенімді серіктестік орнатылып жатыр. Келесі жылы елімізде шетелдік университеттердің 11 бөлімшесі ашылмақ. Сондай-ақ шетелдік студенттер мен оқытушылардың келу көрсеткішін ұлғайту көзделген. Қазір бізде әлемнің түпкір-түпкірінен келген 30 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Бұл көрсеткішті 2028-2029 жылдарға қарай 100 мың студентке жеткізу жоспарда бар.
Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
ЖОО-дар енді сапаға жұмыс істеуі керек. Рейтингте шынайы сапаға жұмыс істесе көтеріледі, екіншіден, мемлекеттік тапсырыс – гранттар ақырындап келесі жылдан сол рейтингке негізделеді. Енді ЖОО-дары ұлғайтылған гранттар аламыз десе, осы рейтингке жұмыс істеуі керек.
Жазира Оразқызы