Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысымен кездесті

31.10.2024

Еуропалық қайта құру және даму банкі алдағы жылдары «жасыл экономика» талаптарын орындау аясында елімізге 2 миллиард еуро құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысымен кездескен банк президенті Одиль Рено-Бассо айтты. Сондай-ақ биыл Қазақстандағы 22 жобаны жүзеге асыруға 650 миллион доллар бөлмек. Тараптар экономиканың түрлі саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасын талқылады. Жаһандық экономиканың дамуына қатысты өзекті мәселелер де сөз болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банкпен ынтымақтың стратегиялық сипатын, қаржы институтының Қазақстан экономикасын өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Одиль Рено-Бассо банк Қазақстанның инвестициялық жобаларын мұқият зерделейтінін жеткізіп, инфрақұрылымдық дамуды алдағы уақытта да қолдауға ниетті екенін мәлімдеді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу