Ұлттық дәстүрді ұлықтаған қандастар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық дәстүрді ұлықтаған қандастар

31.10.2024

Өзбекстанда бір миллионға тарта қандасымыз тұрады. Соның 400 мыңнан астамы Ташкент облысында қоныстанған. Бауырлас елдегі қазақ ұлттық мәдени орталығы 33 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Жас ұрпақтың ана тілі мен дәстүрді ұмытпай қазақы қалпын сақтап өсуіне бар жағдай жасалған дейді орталық өкілдері.

Елімізбен іргелес Ташкент облысында 40-тан астам қазақ мектебі бар. Онда оқушылардан жасақталған домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Яғни кіл қазақтар тұратын ауылдарда ұлттық өнерді серік еткен балғындар өсіп келеді.

30 жылдан астам уақыт бойы ұлттық мәдени орталықтың жұмысын дамытып келе жатқан ақын, қоғам қайраткері Дамир Қалдыбаев екіжақты мәдени қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Елші Бейбіт Атамқұлов төсбелгіні ардагерге арнайы табыс етті.

Дамир Қалдыбаев, Қазақ ұлттық мәдени орталығы Ташкент облыстық филиалының төрағасы:

Біздің бар мақсатымыз осы Өзбекстанда жасайтын қазақ ұлтының бірінші кезекте тілін сақтап қалу, әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын сақтап қалу болып есептеледі. Біздің жарғымыз да солай жасалған.


Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу