«Абай» журналының 12-ші саны қайта жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай» журналының 12-ші саны қайта жарық көрді

01.06.2017

Осыдан 100 жыл бұрын жарық көрген «Абай» журналы оқырмандарға жол тартты. Бұған дейін «жоғалды» деп есептелген басылымның 12-ші санын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінінің докторанты Алтын Ақынбекова тапқан. Жалпы, «Абай» журналы 1918-жылы Алаш қайраткерлері - Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің басшылығымен жарық көрді. Авторлар сол тұстағы қоғамдық-саяси көзқарастары мен қазақтың хал-ахуалының мүшкілдігін айқын аңғарта білген.

Енді табылған журналды терең зерттеп, зерделеу міндеті тұр. «Ал, Елбасының рухани жаңғыруы осындай жоғалған асыл мұраларды тауып, айналымға қосуға септігін тигізеді», дейді ғалымдар. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ                         

Хабарламаларға жазылу