Халықтың қарызға бату көрсеткіші бақылаудан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың қарызға бату көрсеткіші бақылаудан шықты

30.10.2024

Халық қарыздың қоршауында қалды. Қазақстандықтардың несие алу көрсеткіші шектен асты. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев осылай деп дабыл қақты.

Бүгінде 8 млн 400 мың қазақстандықтың несиесі бар. Бұл экономикалық белсенді жұрттың 80 пайызынан көбі банктерге қарыз деген сөз. 1,4 трлн теңгенің төлем уақыты кешіктіріліп жатыр. 1 млн 700 мың адам алған несиесін қайтара алмайтын жағдайға жеткен.

Бұл қазақстандықтардың таза табысы төмендеп кеткенін көрсетеді. Сондықтан мемлекет тарапынан шара қолданылуы керек деді Мәжіліс депутаты.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу