Көрерменді баурап, оқырманның жүрегіне жол табу үшін жазушының өз әдісі болу керек. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанова өзінің 60 жылдық мерейтойына арналған конференцияда жас буынға осындай кеңес айтты. Шараға шетелдік ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері қатысты. Конференция барысында жазушының әңгімесі негізінде түсірілген «Қызжылаған» фильмінің көрсетілімі өтті. Айта кетейік, апта басынан бері Елорда театрларында жазушының шығармаларынан спектакльдер қойылып жатыр.
Роза Мұқанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург:
Бұл бір жағынан менің шығармашылығымның асуына келген кезде оқырман мен көрерменге берген есебім іспетті. Бүгін енді Ұлттық кітапханада халықаралық конференция. Мұнда Түркия, Мысыр елінен, Германиядан ғалымдар келіп жатыр. Ол енді шығармашылықтағы ғылыми айналымға енген менің пьесаларыма талдау жасалады ғылыми негізде.
Аида Ахметбек