Боливияда экс-президент Эво Моралестің жақтастары полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда экс-президент Эво Моралестің жақтастары полициямен қақтығысты

30.10.2024

Боливияда экс-президент Эво Моралестің жақтастары полициямен қақтығысты. Тәртіпсіздіктер барысында 20 адам жараланған. Оқиға Майрана қаласында болды. Экс-президент Моралесті жақтайтын шахтерлер мен фермерлер қаланың басты жолдарын жапқан. Оларды тарату үшін полиция газ қаруын қолданды.

Наразылық акциясының жүріп жатқанына екі аптадан асты. Эво Моралес келесі жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ. Саяси бәсекеге қазіргі президент Луис Арсе де қатысады. Шеруге шыққандар сол себепті мемлекет басшысының отставкаға кетуін талап еткен.   

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу