Мемлекет басшысы сонымен қатар Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесу өткізді. Президент заң шығарушы органдардың диалогы қазақ-моңғол қатынастарын ілгерілететін маңызды алаң деп санайды. Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қолдау білдіргені үшін моңғол тарапына ризашылық білдірді.
Моңғолиядағы будда ғибадатханаларының көрнекті өкілдері форум жұмысына тұрақты түрде қатысып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы ұйымдастырылатын съезд «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналатынын жеткізді.
Шерхан Жамбылұлы