Соңғы төрт жылдың ішінде 12 мыңнан астам қазақстандық ұлтын өзгерткен. Қазақстан азаматының ұлты ата-анасының ұлты бойынша анықталады. Ал олардың ұлты әртүрлі болған жағдайда, баланың қалауы бойынша әкесінің, я анасының ұлтына сәйкес айқындалады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтардың көбі ұлтын «орыстан» «неміске», «өзбектен» «қазаққа», «орыстан» «украинға», «украиннан» «орысқа», және «орыстан» «қазаққа» ауыстырған. Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әркім өзінің ұлттық, партиялық және діни ұстанымын айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.
Темірлан Нұрсолтан