Грузияда мыңдаған адам шеруге шығып, сайлау нәтижесіне қарсылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда мыңдаған адам шеруге шығып, сайлау нәтижесіне қарсылық білдірді

29.10.2024

Грузия астанасы Тбилисиде сан мың адам шеруге шығып, парламенттік сайлау нәтижесіне наразылық білдірді. Посткеңестің республика жұрты сенбі күні дауыс берді. Оның қорытындысында биліктегі «Грузин арманы» партиясы басым түскен. Президент Саломе Зурабишвили мен оппозиция болса, бұны мойындамай, сайлауды қайта өткізуді талап етіп жатыр.

Дегенмен, елдің орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, «Грузин арманы»  54 пайыз дауыс жинап, сенімді түрде жеңіске жеткен. Сондықтан ол парламенттегі 150 орынның 89-ын иеленуі керек.


Хабарламаларға жазылу