Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

29.10.2024

Ақтөбе облысында «World Business Consulting» атты қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, олар өздерін халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарды тиімді пайызбен несие рәсімдеу, шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алу сынды ақпаратпен қызықтырған.

Заңсыз әрекеттен олар 60 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Бұл іс бойынша 2 азамат бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Ал жәбірленушілерге шығын толықтай өтелді.

Айта кетейік, жыл басынан бері қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық іс аяқталған.


Хабарламаларға жазылу