Жапонияда биліктегі партия басымдықтан айрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда биліктегі партия басымдықтан айрылды

28.10.2024

Жапонияда парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы шықты. Оған жүгінсек, биліктегі Либералдық-демократиялық партия заң шығару органындағы басымдығынан айрылып қалған. Себебі жаңа премьер Сигэру Исиба мен оның одақтастары 215 орын иеленді.

Ал парламентте абсолюттік көпшілікті құрау үшін 233 мандат қажет. Оппозициялық партиялар болса, 250 орын алған. Осылайша, Жапонияда либерал-демократтардың жеке басшылық ету дәуірі аяқталуға жақын.

Болжамдарға қарағанда, Исиба мен оның партиясына билікте қалу үшін енді өзге саяси күштермен коалиция құруға тура келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу