Ал өзін «банкрот» деп тануға өтініш бергендердің 75 пайызының арызы мақұлданбаған. Оның бірнеше себебі бар. Көбі дүние-мүлкі болмауы қажет, қарызы 5,5 млн теңгеден аспауы тиіс деген негізгі талаптарға сай келмеген.
Qoldau.kz платформасының дерегіне сүйенсек, осы күнге дейін қарызын кешіруге 125 мыңға жуық адам өтінім берген. Олардың жалпы берешегі 266 млрд теңгеден асады. Алайда, соның ішінде 17 500 азаматтың ғана өтінімі мақұлданып, 42 млрд теңгенің қарызы кешірілді.
Жалпы осы жазда Мемлекеттік кірістер комитеті 13 мыңнан аса адам банкрот деп танылғанын хабарлаған. Бұл азаматтар үш жыл бойы осы комитеттің бақылауында болады.
Айя Мүтәлі