Қызылорда облысында ауыл спортшыларының спартакиадасы өтті. Дәстүрлі жарысқа қатысушылар 16 спорт түрінен сайысқа түсті.
Биыл 37-ші рет ұйымдастырылған дүбірлі додада жеті ауданнан мыңға жуық спортшы бақ сынады. Олимпиадалық спорт түрлерімен қатар қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, теңге алу секілді ұлттық спорттың да бәсі биік болды.
Төрт күнге созылған спартакиаданың қорытындысымен командалық есепте Жалағаш ауданы топ жарды. Жаңақорғандықтар екінші, сырдариялықтар үшінші орынды иеленді.
Нағима Шермағамбетова, спартакиада жүлдегері:
Мен өзімнің гандболға қатысып жүргеніме тоғыз жыл болды. Қазіргі таңда өзім бапкер болып жұмыс істеймін. Ауданның қыздары, ауылдың қыздары жақсы өсіп жатыр. Чемпиондарымыз көп гандболдан.
Әділбек Серікұлы