Қазан айының соңғы жексенбісі, яғни ертең әлеуметтік қызметкерлер күні. Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен 35 мың маман жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтер және әлеуметтік қызметкерлер бар.
Республикадағы әлеуметтік қызметкерлер саны 12 704 адам. Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен 830-ға жуық мемлекеттік ұйым және 184 үкіметтік емес ұйым айналысады. Кейінгі жылдары сала мамандарының жалақысы мен мәртебесін арттыру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде атқарылып келеді.
Амантай Майрамов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің бас сарапшысы:
Әлеуметтік қызметкердің орта есепті жалақысы қазір 180 мыңнан 200 мың теңгенің аралығы. Ол бүгінгі таңда біліктілік санатына, біліміне немесе аттестация нәтижесіне байланысты. Келер жылдан бастап, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.