Сан-Францискода Қазақстан туы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сан-Францискода Қазақстан туы көтерілді

26.10.2024

Республика күні АҚШ тың Калифорния штатында да тойланды. Сан-Франциско қаласының бас муниципалдық ғимараты – Сити Холлда Қазақ туы көтерілді. Еліміздің Бас консулдығы ұйымдастырған рәсімге отандастарымызбен қатар шаһардың және Калифорния штатының ресми өкілдері қатысты. Америкалық лауазымды тұлғалар Қазақстан халқын ұлттық мерекемен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірілді.

Канадалықтар да қазақ жұртын мерекемен құттықтады. Лебізін білдірген азаматтардың қатарында екі елдің өзара байланысын дамытуға күш салып жүрген бизнес өкілдері, әлемге әйгілі әртістер мен белсенді жастар бар.


Хабарламаларға жазылу