Стамбұл қаласында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұл қаласында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалды

25.10.2024

Стамбұл қаласында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалды. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның әншілері Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева мен Эльза Қарабалина жергілікті қазақтарға әннен шашу шашты.

Стамбұлдағы Бас консулдықтың ұйымдастыруымен өткен шарада қазақтың әр өңірінің дәстүрлі әндерімен қатар түрік әуендері де шырқалды. Атамекеннен жырақта жүрген қандастарымыз әдемі ән тыңдап, елге деген сағыныштарын басып, ерекше сезімге бөленді.

Әбдіуақап Қара, Түркияда тұратын қазақ, профессор:

Түркия қазақтары екі елдің азаматы есептелеміз, осы жерде тудық, осы жердің азаматымыз бірақ қазақ болғаннан кейін Қазақстан азаматы болмасақ та өзіміз сол елдің азаматымыз жанымызбен, қанымызбен Қазақстанды сезінеміз. Өте бір толқулы өте сезімтал күшті бір концерт болды. Оның үстіне Сәуле Жанпейісова біздің қазақтың түрлі өңірдің үлгілі әндерді, жыраулардың термелерін айтып халықтың делебесін қоздырды, сондықтан бүгін Қазақстанның Республика күніне жарасатындай күшті бір концерт болды.

Сәуле Жанпейісова, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның ұстазы, әнші:

Түркиядағы біздің қазақ бауырларымыз қазақтың өнерін өте сүйеді, өте құрметтейді елге сағынышын байқап отырамыз, сондықтан біз де осы кісілердің атамекенге туған елімізге, Қазақстанға деген жүректерін махаббатын сағанышын осы әндерімізбен әрине көрсетеміз. Бұл біз үшін мәртебе. 

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу