Соңғы жылдардағы тағы бір оң өзгерістің бірі, ол - Конституциялық сот. Оған бүгінде көбіне қарапайым азаматтар жүгінеді. Күні бүгінге дейін 8 мың өтініш түскен. Сот құзіретіне сәйкес келетін 50 өтініш бойынша нормативтік қаулы қабылданыпты. Қазір 55 арыз қаралып жатыр. Шағымданушылардың негізінен сот шешімімен келіспейді, қылмыстық-атқару жүйесі бойынша сауалдармен келеді.
Салтанат Нұрымбетова, ҚР Конституциялық Сот аппаратының бөлім меңгерушісі:
Қазіргі таңда Конституциялық соттың қарауында 55 жаңа өтініш бар. Қаралуда. Күнделікті берілетін өтініштер саны көбеюде. Күнделікті ол қаралып жатыр. Салыстырмалы түрде қарасақ, орташа статистика бойынша. Біздің Қазақстанда одан 10 есе деп айтсақ болады. Халқы аз болғанымен. 1,5 жыл ішінде 50 нормативтік қаулы қабылданып отыр. Бұл конституциялық соттың қарқынды жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Динара Жарқынбек