Өскеменде сал ауруына шалдыққан балалар атқа мініп емделетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде сал ауруына шалдыққан балалар атқа мініп емделетін болды

24.10.2024

Республика күніне орай Өскеменде ат спортына арналған жабық манеж ашылды. Бұл кешенде сал ауруына шалдыққан балалар иппотерапиямен емделсе, паралимпиада спортшылары арнайы жаттығу өткізеді. Жаңадан ашылған манежге күн сайын 127 бала келіп, атқа мінеді. Қазір бұл жерде арнайы дайындалған жеті ат пен 14 нұсқаушы бар. Әр балаға қойылған диагнозы бойынша арнайы мамандар жеке-жеке жұмыс істейді. Ал манежге үздіксіз келіп жүрген балалардың көбінің денсаулығы оңала бастаған. Сол үшін енді осындай манежді Зайсан ауданында ашу жоспарда бар.

Николай Кузьмин, ат спорты манежінің директоры:

Бізде бұған дейін ашық манеж болған. Ендігі ашқанымыз жабық кешен. Бұл жерде балалар арнайы терапиядан соң атқа мініп сауықтыру шараларымен жыл он екі ай үздіксіз шұғылданады. Басты ерекшелігі осында.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу