БҚО-да мұнай мен газ жабдығын шығаратын зауыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мұнай мен газ жабдығын шығаратын зауыт ашылды

24.10.2024
0:00:00
0:00:00

Батыс Қазақстан облысында мереке қарсаңында мұнай газ құрал-жабдығын шығаратын жаңа зауыт ашылды. Компания бес жыл бұрын Маңғыстау облысында құрылған. Енді Оралдағы индустриялық аймақта тағы бір өндіріс орны жұмыс істемек. Облыс әкімдігі инвесторға жер телімін беріп, инженерлік желіні тартуға көмектескен. Зауытта 120 адам еңбек етеді. Жылына 650 бірлік өнім шығарады. Құрал-жабдықтарды мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындар тұтынады. Келешекте үшінші цех ашылып, өнім 3 мың бірлікке ұлғаяды.

Айдос Жиенбаев, кәсіпорын басшысы:

Болашақта шетелге шығу – үлкен мақсатымыз, арманымыз. Инвестиция ретінде 1 млрд теңгеден астам қаржы құйылды осы зауытқа, құрал-жабдықтарына. Жақында шетелден Самсунг, Сименс компанияларының өкілдері келіп, бізбен танысып, қарады әріптес ретінде.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу