Түркістанда мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың есімі ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың есімі ұлықталды

24.10.2024

Түркістанда қазақтың біртуар азаматы, ұлтымыздың аса көрнекті тұлғасы, мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Айта кетейік, 1938-51 жылдар аралығында қиын кезеңдерде Нұртас Оңдасынов 13 жыл бойы үкімет басқарған. Аудан мен облыстарда мұғалімдерді даярлайтын курстар мен интститут ашып, Абайдың 100 жылдық мерейтойын жоғары дәрежеде өткізген. Келелі басқосуда қайраткердің экономиканы, ғылымды дамыту үшін атқарған өлшеусіз қызметі сөз болып, ұлтқа сіңген еңбегі насихатталды.

Ел басына күн туған шақта, аса қиын кезде ел басқарған Нұртас Дәндібайұлы қашанда құрметке лайық тұлға екені айтылды. Тұлғаның атында туған жері Түркістан өңірінде музей бар, білім ұясына және көшеге қайраткердің есімі берілген.

Асылы Осман, ғалым, қоғам қайраткері:

Барша қазақ Нұртас Оңдасыновтың атын айтқан кезде елеңдейді. Өйткені ол халқына етене жақын болған. Халқының жан-дүниесін ұққан, терең түсіне білген. Халқымның осыған ерекше көңіл бөліп, осынша қауымды жинап, мемлекет қайраткерінің есімін ұлықтап жиын өткізгеніне мен ризашылығымды білдіремін. 

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу