Сингапур Республикасының Қазақстандағы консулдығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапур Республикасының Қазақстандағы консулдығы ашылды

24.10.2024

Елордада Сингапур республикасының құрметті консулдығы ашылды. Мақсат – екі ел арасындағы экономика, бизнес, мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту. Басты кеңсе елордада орналасқан. Алматы қаласында қосымша бөлімше жұмыс істейді.

Айта кетейік, қазір елімізде Сингапур Республикасының 100-ден астам компаниясы қызмет етеді. Жыл өткен сайын елге келуші сингапурлық туристер көбейіп келеді. Консулдық олардың құқықтарын қорғайды, виза мәселесін шешеді.

«Консулдықтың ашылуы екі ел арасындағы экономикалық байланысты күшейтеді» - дейді шара қатысушылары.

Талғат Чиникеев, Қазақстандағы Сингапур Республикасының Құрметті Консулы:

Екі ел арасындағы байланыс, дипломатиялық қатынас 30 жылдан астам жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі келген қонағымыз Сингапурдың Қазақстандағы елшісі 10 жылдан астам осы қызметте істеп келеді. Сол кісі қонақ болып келіп отыр. Шараны сол кісі ашады.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу