Алматыда экологиялық бекеттерде автокөліктер жаппай тексеріліп жатыр. Қазан айының басынан 600-ден аса темір тұлпар тоқтатылып, нәтижесінде 263-інің ауаға шамадан тыс улы зат шығаратыны анықталған. Бұл тексерілген автокөліктердің 42%-ы.
Уәкілетті органдар 202 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, 123 құқық бұзушыға айыппұл салған.
Мұндай шаралар қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, дейді құзырлы орган өкілдері.
Қуан Нұрақын