Жамбылдық полицей бастаған бір топ адам Түркістан облысында аң аулап жүріп ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық полицей бастаған бір топ адам Түркістан облысында аң аулап жүріп ұсталды

24.10.2024

Жамбылдық полицей бастаған бір топ адам Түркістан облысында аң аулап жүріп ұсталды. Созақ ауданындағы орманды қорғау инспекторлары 4 адам мінген «Toyota land Gruizer» көлігін тоқтатқан.

Мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті тінту кезінде «Қызыл кітапқа» енген 16 ақбөкен мен бірнеше қару-жарақ тәркіленді. Қолға түскен 36 жастағы капитан Жамбыл облысы Сарысу ауданында учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істейді. Ол серіктерІмен бірге киікті даладан тауып алғанын және еңбек демалысында жүргенін айтқан.

Түркістандық тергеушілер төртеуіне қатысты «Құрып кету қаупі төнген жабайы жануарларды заңсыз аулау» дерегі бойынша іс қозғады.

Ғалымжан Райымбек, Түркістан облысы полиция департаменті табиғатты қорғау инспекторы:

16 дана ақбөкеннің денесі, оның 13 басы, 2 пышақ, 58 аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 дана жарықтандырғышты заттай дәлелдеме ретінде тәркілеп алды. Тиісті сараптама тағайындалды. 

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу