Қыс жылы, жауын-шашынды болмақ - «Қазгидромет» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыс жылы, жауын-шашынды болмақ - «Қазгидромет»

23.10.2024

«Батыста биылғы қыс жылы әрі жауын-шашынды болады». Бұл - «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы. Сондай-ақ келер жылы да көктемде Жайық өзені тасып, жоғарыдан мол су келуі ықтимал. Өйткені, зерттеулерге сай өзен көпжылдық тасу кезеңіне өткен. Бұған дейін басты күретамыр 1993-1994 жылдары екі жыл қатарынан арнасынан асып, мол су келген. Өткен айда дария деңгейі 3 метр 80 см-ге жетті. Бұл былтырғы салыстырмалы кезең көрсеткішінен 3 метрге көп. Яғни өткен жылы су деңгейі небәрі 80 см болған еді. Ал жалпы су тасқынына қатысты алдын ала болжам желтоқсанда, нақты болжам ақпанда шығарылады.

Тілеген Шапанов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры:

Алдын ала консультативті болжамға сүйенсек, бізде қыста қаңтар, ақпан айларында ауа температурасы нормадан жоғары болады деп күтілуде. Яғни қыс жылы, жауын-шашын мол болады. Ал көптен қалыптасқан үрдіске сай Жайық өзені көтерілсе, екі жыл қатарынан көтеріледі, содан кейін су деңгейінің төмендеуі байқалады. Келесі жылы да өзеннен мол суды күтіп отырмыз. 


Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу