Республика күні қарсаңында бірқатар қоғам қайреткері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика күні қарсаңында бірқатар қоғам қайреткері марапатталды

23.10.2024
0:00:00
0:00:00

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны және белсенді қоғамдық қызметі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері марапатталды. Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесіне және аймақтан келген қоғам белсенділеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Атап айтсақ, Ұлттық құрылтайдың мүшелері, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім институттарының» өкілдеріне «Парасат» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу