«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары ел көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде экологиялық шаралар өткізді. Мамандар жолдардың бойын, елді мекендерге кіре берістердегі ескерткіш маңдары мен ардагерлердің үйлерін тазартты. Ал бүгін акция аясында «Семей-Павлодар» тас жолында көліктерді тоқтатып экоқапшықтар таратылды. Мамандар жолаушылар мен көлік жүргізушілерін тазалыққа шақырып, экологияны сақтауға үндеді.
Айдос Айтбеков, көлік жүргізуші:
Бүгін Семей қаласында акция болып жатыр екен «Таза Қазақстан» деген. Өзіміздің мемлекетіміз, туып өскен жеріміз. Өзіміз қазір көшеде жүретін болсақ, эко қоқыс тастайтын орындар шыққан. Заттарды соған тастауға тырысамыз. Енді барша қазақстандықтарға айтарым, тазалықты ұстайық.
Ержан Жақып