Павлодар және Екібастұз қаласындағы ауруханалардың қарызы 3 млрд теңгеге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар және Екібастұз қаласындағы ауруханалардың қарызы 3 млрд теңгеге жеткен

22.10.2024

3 млрд теңге. Бұл Павлодар және Екібастұз қаласындағы үш аурухананың кредиторлық қарызы. Оны жабу үшін міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржыландыруды ұлғайтқан. Бірақ, керісінше берешек көлемі көбейе берген. Мәселен, облыс орталығындағы №3-ші емдеу мекемесінің қарызы осы жылдың өзінде 44 есе өскен. Сондықтан облыстық мәслихат депутаттары бұндай аурухана басшыларын жұмыстан қуу керек деп ұсыныс жасады.

Маханбет Аманкелді, Облыстық мәслихат депутаты:

Оларға қосымша қаражат берілген сайын олардың қарызы көбейіп жатыр. Мысалы №3 аурухана 2023 жылы 8 млн ғана қарызы болған. 2024 жылдың басында 296 млн, 2024 міне 9 айында 356 млн қарыз болып кетті. Ал, №1 қалалық аурухананың көп қарызы бар. Былтыр 1,2 млрд болған. Қосымша 500 млн-ға қарамастан қазіргі кезде 1,4 млрд болды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу