Шымкентте қоқыс полигонының орны экологиялық саябаққа айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қоқыс полигонының орны экологиялық саябаққа айналады

22.10.2024

Шымкент қаласында Республика күні ұлттық мерекесіне тарту ретінде 4 мәдениет үйі тұрғындардың игілігіне берілді. Сондай-ақ мегаполистегі бұрынғы қоқыс полигонының орнында халықаралық хаб пен экологиялық саябақ құрылысы басталды.

Бүгін құрылысы басталған экологиялық саябақтың аумағы 45 гектар. Оның басым бөлігіне биолог ғалымдармен ойласа отырып, оңтүстіктің ауа райына бейім 4 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Демалыс аймағының ерекшелігі мұндағы барлық дүние жасанды материалдардан ада ағаш пен тас секілді табиғи заттармен өрнектелмек. Оған жеке инвестор 5 миллиард теңге қаржы жұмсамақ.

Ринат Сейсенбаев, мердігер компанияның өкілі:

Алматы, Шымкент, Ташкентті қосатын жол. Сондықтан мына бірінші сызықта 9 гектар жерде халықаралық стандартқа сай хабымыз салынады. Туристерге арналған ғимараттар, визит орталығы болады.

Бүгін Қайнарбұлақ, Базарқақпа, Өтеміс, Көкбұлақ тұрғын алабының жұртшылығы айырықша қуанышқа кенелді. Мегаполис құрамына бертінде енген әр аймақтарда мәдениет үйлері ашылды.

Жаңа ашылған мәденеи үйлеріне шаһар өнерпаздары арнайы келіп, халықты ән мен жырға бөледі. Қала әкімі мұндай орындардың көбеюі тұрғындардың мәдени-рухани өміріне айрықша серпіліс әкелетін айтты.

Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі:

Білекті емес, білімдінің заманы ғой қазір. Кітап көп оқыту керек. Жаңадан шығып жатқан заманауи робототехника деген сияқты содан орындар алу керек. Соған өздеріңіз ақылдарыңызды айтып, осы жерді жақсылыққа пайдаланыңыздар.

Мәдениет ошақтары енді жұртшылық тек концерт немесе жиналыстарда ғана бос қосатын жер емес, балалар үйірмелерге қатысып, әрқилы рухани шаралар өтетін орын болғалы тұр.


Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу