Өкпе қабынуының ерекше түрімен ауырғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өкпе қабынуының ерекше түрімен ауырғандар көбейді

22.10.2024

Дене қызуы көтерілмесе де, өкпе қабынып кетуі мүмкін. Дәрігерлер ауру белгілері ерекше пневмониямен ауырып жатқандардың көбейгенін айтады. Әдетте өкпенің қабынуы жеті күнде анықталса, бұл үш күнде науқасты бүк түсіруі мүмкін. Интоксикация әсерінен баспен қоса, бұлшық ет түгел ауырады. Ең басты белгілеріне тоқталсақ, науқастың тамағы ауырып, құрғақ жөтел мазалайды. Әдеттегі өкпе қабынуынан тағы бір айырмашылығы, кеуде тұсыңыз шаншуы мүмкін. Иммунитеті әлсіз немесе созылмалы ауруы бар науқастар пневмонияны дер кезінде анықтай алмай қалу қаупі бар. Салдарынан дерт өршіп, өкпеде ірің пайда болып, ісіп, күптеніп кетуі мүмкін, дейді дәрігерлер. Пневмонияның бұл түрін тек рентген арқылы ғана анықтауға болады.

Айнұр Қабанбаева, пульмонолог-дәрігер:

Үш-төрт күннің ішінде ауқымды полисегментарлы екіжақты пневмонияларды көріп жатырмыз. Кей пневмониялар жөтелсіз немесе сәл құрғақ жөтелмен, дене қызуының көтерілуі болмайтындай жағдайда өтуі мүмкін. Сондықтан қазіргі науқастарға айтатын жайт, егер де кез келген аурудың көрінісі байқала басталғанда, өз бетімен емделмесе екен дейміз. Дер кезінде дәрігерге барғандарыңыз жөн.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу