Үйді заңсыз сату нарығын бақылау күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үйді заңсыз сату нарығын бақылау күшейтіледі

22.10.2024

Елімізде үлестік тұрғын үй құрылысы мен жалға берілетін үйлердің шамамен 67% заңсыз тәсілмен сатылады. Бұл туралы «KHC Workshop» шарасында айтылды. Жиында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерге жеке инвестиция тарту, құрылыс компанияларының қызметін цифрландыру және қаржылық есептілігінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үйде заманға сай инклюзивті орта құру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек жасанды интеллект мүмкіндіктерін қамтыған онлайн-орталық пен азаматтардың сұрағына жауап беретін платформа таныстырылды.

Алтай Күздібаев, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

Жасанды интеллект дейді ғой, сонымен жасаған ақпараттық жүйеміз бар «homeportal» деген. Сол «homeportal-да» біз бүгін чат-ботты көрсетеміз. Осы жақында 1 желтоқсаннан бастап «homeportal.kz» сайтына кіріп өзінің сұрақтарын қоя алады. Оның ең басты мақсаты заңды бұзып, қаражат тартып жатқан компаниялардың санын, деңгейін төмендету.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу