Қазақ-Мажар елдерінің тарихы ортақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Мажар елдерінің тарихы ортақ

16.05.2017

Иштван Қоңыр Мандокидің «Шығыстан қоныстанушылар» атты кітабы Қазақ тіліне аударылды. Туынды Ұлттық кітапханада таныстырылды. Кітапты қазақ тіліне аударған Венгр түркологы Давид Шомфай Қара. Оның айтуынша, Қазақ пен Мадиярлардың түбірі бір. Екі халықты ортақ тарих, мәдениет пен салт-дәстүр біріктіреді. Иштван Қоңыр Мандокиді көзі тірісінде түркі қоғамы «Қыпшақтың шырақшысы» атап кеткен. Кездесу кезінде оның өмірбаянынан сыр шертетін деректі фильм де көрсетілді.  

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу