Президент Чехияның сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Чехияның сыртқы істер министрін қабылдады

21.10.2024

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскиді қабылдады. Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

Ал мәртебелі мейман, қарқынды экономикалық байланыстар қазақ-чех ынтымағының негізі саналатынына назар аударды.

Сондай-ақ, өнеркәсіп, «жасыл» даму талаптарына көшу және энергетика салаларын бірлескен жұмыстың басым бағыттары ретінде атап өтті.


Хабарламаларға жазылу