Елордада «Атамекен» әнін бір мектептің 400 оқушысы бірге шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Атамекен» әнін бір мектептің 400 оқушысы бірге шырқады

21.10.2024

Астанада «Атамекен» әнін бір мектептің 400 оқушысы қатар тұрып шырқады. Бас қаладағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде өткен іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды. Төрт және сегізінші сынып аралығындағы оқушылар мегачелленджге екі апта дайындалған.

Қазір елорда мектептерінде «Туған елім – Қазақстаным» атты патриоттық әндер шырқау бойынша ауқымды акция өтіп жатыр. Мақсат – жас ұрпақты отансүйгіш, ұлтжанды етіп өсіру және ел мен жерге деген құрметін арттыру. Мегачеллендж 24 қазанға дейін жалғасады және қаладағы барлық мектептерді қамтиды.

Хабарламаларға жазылу