Ақтөбе қаласында жол құрылысына бөлінген 26 миллиард теңгенің жартысына жуығы игерілмеген. Жұмысына салғырт қараған мердігерлер өңір басшысынан ескерту естіді.
Өңірде салынып жатқан жолдардың кейбірі белгіленген мерзімінен кешігіп жатыр. Мәселен, Әйтеке би ауданында «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Сарат-Қырыққұдық-Тұмабұлақ» жол учаскесіндегі жұмыстар аяқталған жоқ. Байғанин ауданындағы «Қарауылкелді-Жарқамыс», «Қарауылкелді-Алтай Батыр-Миялы-Оймауыт» жолдарының құрылысы да кешеуілдеп тұр. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыстардың жартысы ғана орындалған. Өңір басшылығы қателіктерге жол берген мемлекеттік қызметшілер мен мердігерлерге қатысты шаралар қолданылатынын жеткізді.
Биыл өңірде 4 мың 440 шақырым жолды ретке келтіру жоспарланған еді. Бюджеттен 69,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы 186 жоба іске асырылып жатыр. Облыста автожолдардың құрылысын бақылау үшін цифрлық платформа іске қосылды.
Арман Евниев, «Birge» салалық кластерлер қауымдастығының басқарма төрағасы:
112 жол жөндеу жобалары жасалып жатыр биыл. Әр жобаны онлайн түрде, жоспары,құрылыс компаниясының графигін жәнге облыс әкімінің басқармалары оны бақылап отырады, онлайн түрде. Істелінді ме,жоқ па? Орындалды ма, жоқ па?
Жақсыбек Кемал
