Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде құйтырқы схемалар аз емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде құйтырқы схемалар аз емес

20.10.2024

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде «қызық» схемалар бар. Мысалы, бір компания бірнеше айда мыңдаған конкурсқа қатысады, бірақ ұтса да, келісімшарт жасамайды, тіпті оны бұзады.

Мұның сыры неде? Тырнақшаның ішінде әрине, «космонавт» деген кімдер? Тендерлердің көлеңкелі тұсы көп екені белгілі, тіпті «тендер» дегенше, «жеңдер» десейші!..» деген ащы сөз бар.

Ал тереңірек үңілсе «ақ сандықтың ішінде көк сандық» екен. Мемлекеттік сатып алуларды кірпік қақпай қадағаламаса, шіміркпекпестен ұрлайтындар айылын жияр емес. Данияр ұрлықшылардың схемасын жақсы білетін мамандарды кезекті рет сөйлеткен.

Сонда «Халық, мемлекеттік сатып алу қалай жүрсе, биліктің жұмысы да сондай деп бағалайды» деген пікір айтылды.

Данияр Қайыртайдың сараптамасы.


Хабарламаларға жазылу