Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары өлмейтін туындылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары өлмейтін туындылар

20.10.2024

«Менің атым Қожа» повесін айта бермейік. Оның өлмейтін туынды екені ақиқат. Сонымен бірге «Өлгендер қайтып келмейді» мен «Балалық шаққа саяхаты» да – шедевр.

Кеңес заманында дүниеге келген шығармалардың маңызын жойғаны аз емес. Кеңес кезінде де жарытып оқылмағаны заңды әрі түсінікті. Қазір тек тоталитарлық жүйе әдебиетін зерттеушілерге қызық.

Ал Соқпақбаевтың дүниелерінде 20 ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы, одан кейінгі 30-40 жылдағы қазақ тіршілігі, тұрмысы бір жағы, екінші жағынан және бастысы - қазақ болмысы, мінезі, тағдыры көркем шығарма болса да, соншалықты табиғи сипатталған. Және баяндалған әлемге сүңгіп кеткеніңді білмей қалатын құдіреті бар.

Аязды күні қаудыр плащты өзің киіп бара жатқандай немесе қолайна беріп, бір табақ бидай алуға Майраның үйіне өзің барғандай намыстанасың.

«Әкемді алсаң, ал, Құдай, шешемді қой.

Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой» дегеніне бала болсаң да жүрегің қарс айырылады. Бөпке әжесі мен қолы ожау болып біткен Тұрдыбек те туысыңа айналады... Ал Еркін сияқты жігіттер әлі көп.


Хабарламаларға жазылу